Көбенова Гүлзат Ісбасарқызы
Қызметі: ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасы
Гүлзат Көбенова 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1998 жылы тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы болып бастаған, университет деканының орынбасары қызметін атқарған.
2004-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, ғылыми хатшы, деканның м.а. қызметтерін атқарды.
2009 жылғы қазан айынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Мәдениет және ақпарат, білім және ғылым министрліктерінде түрлі лауазымдарды атқарған.
2017 жылғы шілдеде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры болып тағайындалған.
2018 жылғы сәуір мен 2019 жылғы қаңтар аралығында Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары болған.
2019 жылғы қаңтардан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі болып қызмет еткен.
2020 жылғы қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы болды.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40