Годунова Наталья Николаевна
Қазіргі лауазымы: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы.
Әлеуметтік желілерде:
Туған жылы: 1972 жылы 24 мамырда
Туған жері: Орал қаласы
Білімі: Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын (экономист мамандығы бойынша), Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.
Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1993 жылы «Орал Агроөнеркәсіпбанкте» экономист болып бастаған.
1997 – 2005 жылдары Батыс Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлікті және активтерді басқару комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
2005 – 2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілідігінде кеңесші-экономист.
2006 – 2009 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
2009 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің консультанты, орынбасары, міндетін атқарушы.
2012 –2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі.
2013 – 2015 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, экономика, қаржы және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік етті.
2015 – 2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.
2017 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
2018 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болып тағайындалды.
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23
- Каспийдің болашағы үшін: Қазақстан теңізді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді 11:15
- Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді 11:06
- 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пәндер пайда болады: Оқушылар не оқиды? 11:01
- Балқашта тағы да қайталанды: Жағажайға көлікпен кірген азамат жазаланды 10:53