Ертас Нұрлан Ертасұлы
Қызметі: Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі.
Білімі: Ертас Нұрлан Ертасұлы 1980 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: Еңбек жолын «MotoLink» ЖШС бастығы болып бастаған.
2002 жылдан 2003 жылға дейін «МоtoLink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы, Алматы қаласы;
2003 жылдан 2004 жылға дейін «Тау жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастығы, Алматы қаласы;
2004 жылдан 2005 жылға дейін аудандық әскери комиссариаттың 1- бөлімшесінің есепке алу және брондау жұмыстарының инспекторы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2005 жылдан 2006 жылға дейін аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы және бас маманы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2006 жылдың қаңтар айынан 2006 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл ауданы әкімінің көмекшісі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2006 жылдың мамыр айынан 2008 жылға дейін аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2008 жылдан 2009 жылға дейін Теміржол ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қазыбек бек бекеті;
2009 жылдан 2010 жылға дейін Мыңбаев ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылы;
2010 жылдан 2011 жылға дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы;
2011 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың шілде айына дейін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы;
2011 жылдың шілде айынан 2015 жылдың ақпан айына дейін Алматы облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Алматы облысы Талдықорған қаласы;
2015 жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш.
2021 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл ауданының әкімі, Алматы облысы.
- Сәтпаев шыңынан төмен түсе алмай қалған екі турист құтқарылды 23:27
- Маңғыстауда вандалдар ежелгі петроглифтерді бүлдіріп кеткен 22:53
- Асханадағы жанжал: Талдықорғанда әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды 22:24
- ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Қызылордаға жеткізді 21:50
- Алматы облысында 14 жастағы қыз жоғалып кетті 21:19
- Көпбалалы қазақстандық өзін кәсіпкермін деген адамға сеніп, 11 млн теңгесінен айырылды 20:51
- Аида Балаева: Креативті индустриялар Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды бағытына айналып келеді 20:24