Дарбаев Асан Көбентайұлы
Қазіргі лауазымы: ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
Туған жылы: 1984 жыл-
-
Туған жері: Ақмола облысында дүниеге келген.
-
Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, -
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін, -
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, -
Warwick университетін («Болашақ» бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында бастаған. Түрлі жылдары «Бәсекелі саясатты дамыту және қорғау орталығында», Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқармада бәсекелестікті қорғау бөлімінің бас маманы, басшысы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінде Квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау департаментінің директорының орынбасары болды.
2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Мемлекеттік кәсіпорындар мен қосылуларын бақылау басқармасын басқарды.
2015-2017 жылдары — ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасының орынбасары. 2017 жылдан бастап қазірге дейін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.
- Қытай шөлінде көкөніс қалай өсіріледі және бұл Қазақстанға қандай тәжірибе береді? 20:03
- Тоқаев бірден төрт маңызды заңға қол қойды: Қандай өзгерістер күтіп тұр? 19:42
- Абай облысында той кортежіне 19 хаттама толтырылып, бес жүргізуші жауапқа тартылды 19:32
- Қазақстанда жаңа құрылым пайда болады: Қоғамдық палатаның орнына не келеді? 19:13
- Ақтөбеде CyberPol қызметкерлері заңсыз несие рәсімдеген интернет-алаяқты ұстады 18:51
- Тоқаев Мирзиёевке қоңырау шалды: Қандай мәселелер көтерілді? 18:33
- 147 млрд теңге бюджетке қайтты: Бас прокуратураның жартыжылдық есебі жарияланды 18:29