Дәулет Рүстем Рысбайұлы
Қазіргі лауазымы: Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Туған жылы: 1974 жылы туылған,
Білімі: 1996 жылы «Элтекс» Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін «кәсіпкер-маркетолог»,
2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару»,
2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған болып бастаған.
1995-2000 жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, әкімі, 2000-2002 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2003 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының консультанты, 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің басқарма бастығы, 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының көмекшісі, 2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, 2011-2013 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 2013-2018 жылдары Жамбыл, Шу аудандарының және Тараз қаласының әкімі, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы «24» сәуірдегі № 67-Ж/Қ өкімімен Рүстем Рысбайұлы Дәулет Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2020 жылдың ақпан айынан бастап Қордай ауданының әкімі қызметін атқарған.
2021 жылы 3 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып ауысты.
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23
- Каспийдің болашағы үшін: Қазақстан теңізді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді 11:15
- Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді 11:06
- 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пәндер пайда болады: Оқушылар не оқиды? 11:01
- Балқашта тағы да қайталанды: Жағажайға көлікпен кірген азамат жазаланды 10:53