Дәуешов Марат Еркінұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1971 жыл
Туған жері: Ақмола облысының Степногорск қаласында туған.
Білімі: А.Н.Туполев атындағы Қазан мемлекеттік техникалық университетін және Орталық Азия университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1993-1997 жылдары Мәскеу қаласында «ВЛАД» ЖШҚ бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
1997-1998 жылдары Ақмола облысы әкімінің Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі департаментінің бас маманы,
1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлармен жұмыс жөніндегі департаментінің бас маманы болып қызмет етті.
2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Президент Кеңсесінің сектор меңгерушісі, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының Кадр саясаты бөлімінде консультант, бас сарапшы, бас инспектор, Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2011 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі.
2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
«Құрмет» орденімен (2013), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2003), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен (2008) және «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен (2014) марапатталған.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40