Брекешев Серікқали Аманғалиұлы
Туған жылы: 1972 жылы 14 қазан
Туған жері: Павлодар қ.
Білімі: 1990-1995 жж. Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультеті.
1995-1997 жж. «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист;
1997 ж. Ақтау қ. Салық бөлімі, инспектор;
1997-1998 жж. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер;
1998-2006 жж. «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері;
2007-2008 жж. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің Мұнай өндіруге мониторинг жасау басқармасы, басқарма бастығы;
2009-2010 жж. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаменті, директордың орынбасары;
2010-2014 жж. Мұнай және газ министрлігі, Газ өнеркәсібін дамыту департаменті, директор;
2014-2015 жж. «BNG Ltd» ЖШС, бас директордың орынбасары;
2015ж. «ҚазТрансГаз» АҚ, техникалық саясат департаментінің директоры;
2015 ж. «ҚазТрансГаз» АҚ, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор;
2015-2016 жж. «ҚазТрансГаз» АҚ, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор;
2016-2018 жж. «ҚазТрансГаз» АҚ, өндірістік-техникалық департаментінің директоры;
2018 ж. «ҚазТрансГаз» АҚ, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.
2020 жылдың наурызынан ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарып келді.
2021 жылдың 10 қыркүйегінен бастап Президент жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.
2022 жылдың 11 қаңтары күні Президент жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып қайта тағайындалды.
2023 жылы 4 қаңтар күні Президент жарлығымен экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметінен босатылды.
Мемлекеттік наградалары, көтермелеу (грамоталары және т.б.):
— Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы;
— ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хаты;
— ҚР Президентінің Құрмет грамотасы.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40