Бисембаев Абай Айдарханұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1967 жылғы 21 мамыр
Туған жері: Көкшетау облысында туған.
Білімі: 1992 жылы «әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін,
1996 жылы «қаржы және кредит» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген.
Саяси ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облыстық Құрылыс-монтаждау басқармасының жұмысшысы болып бастаған.
1985-1987 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында қызмет атқарған.
1992 жылы ҚазКСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері болған.
1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған.
1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты болған.
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі болған.
1996-2006 жылдары «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, президенті қызметтерін атқарған.
2006-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарған.
2012-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
2019 жылдын 20 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары.
2022 сәуірде Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
II дәрежелі «Барыс»,«Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
- Қытай шөлінде көкөніс қалай өсіріледі және бұл Қазақстанға қандай тәжірибе береді? 20:03
- Тоқаев бірден төрт маңызды заңға қол қойды: Қандай өзгерістер күтіп тұр? 19:42
- Абай облысында той кортежіне 19 хаттама толтырылып, бес жүргізуші жауапқа тартылды 19:32
- Қазақстанда жаңа құрылым пайда болады: Қоғамдық палатаның орнына не келеді? 19:13
- Ақтөбеде CyberPol қызметкерлері заңсыз несие рәсімдеген интернет-алаяқты ұстады 18:51
- Тоқаев Мирзиёевке қоңырау шалды: Қандай мәселелер көтерілді? 18:33
- 147 млрд теңге бюджетке қайтты: Бас прокуратураның жартыжылдық есебі жарияланды 18:29