Байболов Мақсат Қайдошұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1965 жылғы 22 сәуір
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Согорное ауылында туған.
Білімі: 2001 жылы Орталық Азия университетін бітірді. Диплом бойынша біліктілігі: заңгер.
1983 жылғы маусым - 1985 жылғы мамыр аралғында – КСРО ІІМ Ішкі әскерінде қызмет өткерген.
1992 мамыр - 1993 жылғы наурыз аралғында – Өскемен қаласының «Казтяжпромарматура» өндірістік бірлестігінде жұмыс істеді.
1993 жылғы наурыз 1999 жылғы тамыз аралғында – Шығыс Қазақстан облысы ІІБ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
1999 жылғы қыркүйек 2001 жылғы маусым аралғында – Орталық Азия университетінде оқыды.
1999 жылғы тамыз 2004 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаменті табиғатты қорғау полициясы басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы.
2004 жылғы желтоқсан - 2010 жылғы желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті лицензиялау-рұқсат беру жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.
2010 жылғы желтоқсан - 2016 жылғы қазан аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау басқармасының бастығы.
2016 жылғы қазан - 2019 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.
Қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігінің басшылығы бірнеше рет марапаттады, оның ішінде:
- 1, 2, 3-дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Астанаға 20 жыл» медальдерімен, «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төс белгісімен.
Отбасылық жағдайы - үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026