Баударбек-Қожатаев Ерлан Кеңесұлы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі
- Туған жері: 1967 жылы 8 маусымда Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген;
- Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1989 ж.), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында (1992 ж.), сондай-ақ Жапон тілі институтында (1994 ж.) білім алған.
1997-2003 жылдары Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, одан кейін кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2004-2008 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры болды.
2008 жылы Қазақстанның Сингапурдағы тұңғыш елшісі болып тағайындалды.
2008-2016 жылдары ҚР Аустралиядағы және Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметін қоса атқарды.
2015-2016 жылдары - штаб-пәтері Сингапурда орналасқан Азия-Еуропа (ASEF) қорындағы ҚР Тұрақты өкілі.
Қазақстанның Грекиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2016 жылдан бері Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметін атқарды.
2021 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40