Қайнарбеков Асхат Қанатұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жері: 1975 жылы 23 ақпан
Туған жері: Алматы облысы Сарқан ауданы Көкөзек ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша,
2003 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2006 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде іскерлік әкімшілік шебері дәрежесін алған.
2009 жылы Гарвард бизнес мектебін аяқтаған. 2016 жылы Колумбия университетінен экономика бойынша мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екінші департаментінің маманы болып бастаған.
Түрлі жылдары Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы, екінші хатшының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған, сондай-ақ, коммерциялық секторда еңбек еткен.
2001 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
2010 жылдың сәуір айынан бастап 2018 жылдың қаңтар айына дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2019 жылы тамыздан ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40