Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1957 жылдың 18 мамырында
Туған жері: Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында туған.
Отбасы бар, үш бала тәрбиелеуде, сегіз немересі бар.
Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Полиция генерал-полковнигі.
1979 жылдан бастап – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
1988 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
1989 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
1992 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
1997 жылдан бастап – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
2011 жылдың сәуір айынан бастап, 2019 жылдың 12 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
2020-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
Мемлекеттік наградалармен наградталған:
2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45
- Ғылыми идеядан өндіріске дейін: Қазақстан ғылымында не өзгеруі мүмкін? 12:40