Қабдула Шыңғыс Қайыпұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1978 жылы 15 маусым
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (1999 ж.),
ҚР Қаржы полициясы академиясы (2002 ж.),
Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясы (2004 ж.,
ILEA, АҚШ), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (2009 ж.) - экономика және бизнес іскерлік басқару шебері (МВА),
РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2017 ж.) – ұлттық қауіпсіздік магистрі.
1999-2000 жылдары - Алматы облысының Жамбыл ауданы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы, заңгері - бас маманы.
2002-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық қатынас департментінің аға инспекторы, бөлімше, бөлім, басқарма бастығы.
2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі секторының сарапшысы, инспекторы, меңгерушісі («А» корпусы).
2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
2016 жылы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.
2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары.
2020-2022 жылдары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы
«Құрмет» орденімен, үкіметтік, халықаралық және ведомствалық марапаттарымен марапатталған.
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 00:33
- Азиада-2026: қазақстандық спортшылардың 27 қыркүйектегі жарыс кестесі 26.09.2026
- Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді 26.09.2026
- Қазақстандық спортшы парадзюдодан әлем чемпионы атанды 26.09.2026
- Астанада жасөспірім аялдамаға зақым келтіргені үшін жауапқа тартылды 26.09.2026
- Үсік, тұман және найзағай: 27 қыркүйекте барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды 26.09.2026
- Жезқазған вокзалының аумағы жаңғыртудан кейін төрт есеге ұлғайды 26.09.2026