Ұшақ апаты. Тоқтар Әубәкіров көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың отбасына және ұшақ апатынан көз жұмған басқа да марқұмдардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Жыл аяқталар тұста қабырғамызға қатты батқан қайғылы оқиға біздің ғана емес күллі әлем жұртшылығының назарын өзіне аударды. Генерал Қайдаров құқық қорғау саласының ғана білгірі емес, еліміздің шынайы патриоты ретінде тәуелсіз еліміздегі барлық салалық генералдардың басын қосып, олардың тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйретуші ұстаз еді. Апатқа ұшырағандардың барша жақындары мен туыстарына сабыр тілеймін, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады.