Бүгiн 2026, 13:23 Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің біреуі қайтыс болды

Жарылыс кезінде ер адамның денесінің 90 пайызын күйік шалған болатын.

Өскемен ауруханасында «Қазцинк» зауытындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.

Бұл туралы «Қазцинк» компаниясы хабарлады.

Бүгін түнде Өскемен металлургиялық кешенінде 5 мамырда орын алған жазатайым оқиға салдарынан алған ауыр жарақаттардан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Компания қаза тапқан азаматтың отбасына және барлық қызметкерімізге қажетті қолдау көрсетуде, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиға орнында салдарды жою жұмыстары мен тиісті органдардың тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, қайтыс болған адам кәсіпорынның 1980 жылы туған қызметкері. Ер адамның денесінің 90 пайызын күйік шалған болатын. 

Еске салайық, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.

Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген. 

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді. 

Өскемендегі «Қазцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жасалды. 

Бұған дейін ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында "Өскемендегі жарылысқа байланысты тұрғындарға өтемақы төлене ме?" деген сауалға қатысты мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ол аталған апатқа кінәлілер қанша жылға сотталуы мүмкін екенін де айтты.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Жарылыстан кейін "Қазцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті 

Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма? 

Өскемендегі жарылыстан 2 адам қаза тауып, 5-еуі жарақат алды