Өскемендегі зауытта болған жарылыстан зардап шеккендердің бірі есін жиды
Зардап шеккендердің бірі санитарлық авиациямен шұғыл түрде Астанаға жөнелтілген.
«Казцинк» зауытындағы жарылыстан кейін зардап шеккендердің бірі санитарлық авиациямен шұғыл түрде Астанаға жөнелтілді, тағы бір пациент әлі де Өскемен ауруханасында жатыр.
Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 мамырда Астанадан Өскеменге санитарлық авиация борты келді.
Дәрігерлер "үшінші бел омыртқасының сынуы" диагнозы қойылған 1983 жылғы пациентті қарап, оны әуе жолымен тасымалдау мүмкіндігін растады, – деп атап өтті басқармадағылар.
Сонымен қатар, «денесінің 90%-ын термиялық күйік шалған» 1980 жылғы тағы бір зардап шегушінің жағдайы ауыр.
Оның есі кірген, тілге келеді, жағдайы адекватты. Ертең, 9 мамыр күні таңертең Астанадан мамандар – Шұғыл медицина департаментінің басшысы Бақыт Жарқымбеков және бас республикалық комбустиолог, Комбустиология департаментінің жетекшісі Жомарт Жалғаспаевтың қайта келуі күтілуде. Дәрігерлер пациентті бақылау мақсатында қарап, оны санитарлық авиациямен Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына (ҰШМҮО) тасымалдау мүмкіндігін талқылайды, – деді басқарма өкілдері.
Еске сала кетейік, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі кәсіпорын аумағында жарылыс болып, өрт шыққанын жаздық.
Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Өскемендегі «Қазцинк» аумағындағы өрттен кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жасалды.
Белгілі болғандай, апаттан зардап шеккен 1980 жылы туған ер адам аса ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Астаналық дәрігерлер көмекке аттанды.
Бұған дейін ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында "Өскемендегі жарылысқа байланысты тұрғындарға өтемақы төлене ме?" деген сауалға қатысты мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, ол аталған апатқа кінәлілер қанша жылға сотталуы мүмкін екенін де айтты.
Тағы оқи отырыңыздар: Жарылыстан кейін "Қазцинк" маңында белгісіз бұлт пайда болды: Экологтар тексеруге кірісті
Өскемендегі жарылыс жұртты дүрліктірді: Экологияға қауіп бар ма?
Өскемендегі жарылыстан 2 адам қаза тауып, 5-еуі жарақат алды