Германия Қазақстан үшін виза талаптарын жеңілдетпек

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз, - деп атап өтті Германия Президенті.

Айта кетейік, Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды. Кейіннен Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Германия президенті еліміздегі заңнамалық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Өз кезегінде Тоқаев Тоқаев неміс компанияларын инвестиция салуға шақырды. Сонымен қатар Президент Ақтауда немістің озық тәжірибесіне негізделген институт ашылатынын атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапармен келген Германия президентіне екі елдің мүддесіне сай келетін бірқатар нақты ұсыныс айтты. Бұдан бөлек ол әлемдегі түрлі саяси шиеленістер елімізді алаңдатып отырғанын жасырмады. Ал Германия президенті келіссөз барысында Ресей агрессиясы мен Орта дәліз туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы