Орта дәліз. Тоқаев неміс басшысына екі елдің мүддесіне сай ұсыныс айтты

20 Маусым 2023, 12:55
1091
Бөлісу:
Орта дәліз. Тоқаев неміс басшысына екі елдің мүддесіне сай ұсыныс айтты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапармен келген Германия президентіне екі елдің мүддесіне сай келетін бірқатар нақты ұсыныс айтқанын мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттеріміздің экономикасы көп жағдайда бірін-бірі толықтырады. Технологияларды шикізатқа алмастыру формуласына негізделген қатынас екі тарап үшін нәтижелі болмақ. Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі күрделі геосаяси және геоэкономикалық кезеңде аса маңызды. Соның нақты мысалы - неміс тарапының өтініші бойынша швециялық қаладағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайының тасымалы. Жоспарланған шараларды тиімді жүзеге асыру үшін Штайнмайер мырзамен талқыланған бірнеше мәселені шешу қажет, - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бұл бағыттың бірі көлік-логистика байланысын күшейту.

Бүгінгі таңда орта дәліз деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы артып келе жатыр. Біз мұны кездесу барысында ерекше атап өттік. Дәліздің негізгі бөлігі Маңғыстау облысы арқылы өтеді. Штайнмайер мырза Батыс елдерінің басшыларының ішінде осы өңірге бірінші болып барғалы отыр. Біз көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту қажеттігіне баса назар аудардық. Бұл саланың келешегі зор, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы