Bek Air ұшақ апаты: 300 адам тергелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент мәжілісінің жалпы отырысына келген ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов құлаған «Bek Air» ұшағына байланысты қылмыстық іс аясында 300 адамға тергеу жүргізілгенін айтты.

 

Қылмыстық іс апатқа байланысты.  Кешенді тергеу жүйелі түрде жүргізіліп, ол қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін барлық жағдайларды қарастырды. Осы уақыт аралығында 300 адамнан жауап алынды,- дейді Марат Ахметжанов.

 

Ол сонымен қатар істің барлық жағдайлары тексеріліп жатқандығын атап өтті.

 

Апатқа ұшыраған ұшаққа байланысты істің барлық жағдайлары зерттелуде, - деп түсіндірді бас прокурордың орынбасары.

 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

 

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. 

Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды

Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. 

Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы