Ұшақ апаты. Ұшқыш қалыптан тыс қауіппен күрескен - техникалық сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техникалық тәуелсіз сарапшы Юрий Антипов құлаған ұшақтың бейнежазбалары мен фотоларына қарап, оның фюзеляжына мұз қатпаған деген пікірде.

Маман апат экипаждың қателігінен болуы да екіталай екенін айтты. Сарапшының айтуынша, жолаушлырдың аман қалуы және куәгерлердің бейнетүсірілімдері мен фотолары ұшақ көкке көтеріле бергенде қозғалтқышта ақау пайда болғанын көрсетеді. 

Жолаушылар ұшақ көтерілгенде қатты дірілдеп, көп шу шығарғанын айтады. Яғни әуе көлігінде мұз қатып қалған күннің өзінде мұндай селкілдеу болмау керек еді. Ұшақ тек ауырлап, жерге құлап түседі. Немесе оның қанатын басқару геометриясы өзгереді. Мен бұл жерде оны көріп тұрған жоқпын. Жапқыштар дұрыс бағытта болған. Ал сол жақтағы шеткі элерон ұшақты оң жаққа бұруға кедергі келтірген секілді. Яғни бұл ұшқыштың ұшақтың қалыптан тыс әрекетімен күрескенін көрсетеді. Сондықтан кеменің оң жағындағы қозғалтқышта ақау пайда болды деп ойлаймын - дейді тәуелсіз сарапшы Юрий Антипов 24.kz арнасына берген пікірінде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы