Ұшақ апаты. Нағыз патриот әрі тамаша адам өмірден өтті – Назарбаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Дәриға Назарбаева ұшақ апатына қаза болған генерал-майор Рүстем Қайдаровтың отбасына Жоғарғы Үкіметтік жеделхат жолдады.

Аса құрметті Рүстем Есімханұлы ҚАЙДАРОВТЫҢ қайғылы қазасына байланысты көңіл айтамын. Көптеген жазықсыз құрбандарға себеп болған қаралы хабарды қатты қайғырып естідік. Бүкіл өмірін Отанымызға адал қызмет етуге арнаған нағыз патриот әрі тамаша адам өмірден өтті - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, ол Рүстем Есімханұлын көптен бері танитынын айта келіп, "Ол Қазақстанды әрқашан қуатты әрі өркендеген ел ретінде көргісі келетін, сондықтан да еліміздің қоғамдық өміріне белсене атсалысты" - деп еске алады.

Рүстем Есімханұлы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның мемлекеттік және қоғамдық еңбегі көптеген наградалармен атап өтілді. Қоғамдағы өзгерістерге сергек, өмірде белсенді көзқараста болды. Генерал Қайдаровтың офицерлер мен генералдар арасындағы беделі зор болатын. Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесіне басшылық етті. "Асар" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болды, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге белсене қатысты - деді Дариға Назарбаева өз хатында.

Сенат төрағасы танымал генералдың оқыс қазасы еліміз үшін ауыр қайғы екенін атап өтті.

Құрметті генерал Р.Қайдаровтың кенеттен қаза тапқаны бәрімізге ауыр тиді. Жылы жүзді жүздесулері мен жарқын сөздері еске түсті. Ардақты азамат, білікті маман, еліміздің нағыз патриоты – осы бейнеде жүрегімізде мәңгі қалады. Бүкіл еліміз орны толмас азаматтан айырылды. Осынау ауыр қазаға орай оның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын - деді Дариға Назарбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы