Ұшақ апаты. Билет құнының көтерілуі туралы ақпарат жалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін әлеуметтік желідегі кейбір пайдаланушылар елімізде ұшақ бағасының шарықтап кеткенін айтып, өз шағымдарын айтқан еді.
Алайда Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Қамалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Оның сөзінше, "Bek Air" әуе компаниясының 27-31 желтоқсан аралығына жоспарланған 100-ге жуық рейсі орындалмайды. Бұл бағыттарға барлығы 9157 билеттің (8180 ересек, 765 бала, 212 нәресте) құны толық қайтарылады.
Делдалдар немесе қандай да бір компаниялар арқылы артық төлемді болдырмау үшін жолаушыларға билеттерді тек авиакомпаниялардың ресми сайттарынан және тіркелген сату нүктелерінен сатып алуға кеңес береміз. Бізде Air Astana және Qazaq Air авиакомпанияларымен алдын-ала келісім бар. Bek Air әуекомпаниясының тоқтатылған рейстерінің жолаушылары 31 желтоқсанға дейін осы авиакомпаниялардың қызметін пайдалана алады. Билеттерді сатып алуды эйр Астана және Қазақ эйр әуекомпаниясының кассаларында тікелей жүзеге асыру қажет, - деді Берік Қамалиев.
2020 жылдың 3-10 қаңтарды аралығына Bek Air әуе компаниясының рейстеріне 9785 (8307 ересек, 1153 бала, 325 нәресте) билет сатылған. Ал 2020 жылдың 1-2 қаңтарына рейстер оған дейін де жоспарланбаған.
Вице-министрдің сөзінше, Bek Air және SCAT авиакомпаниялары арасында ішкі өзара есеп айырысу бар, сондықтан SCAT әуе компаниясы көрсетілген мерзімге дейін бос орындар болған жағдайда Bek Air әуе компаниясының жолаушыларын қабылдайды. Оған Bek Air әуе компаниясының өкілі ұсынған жолаушылардың мәліметтері көрсетілген табыстау тізімдемесі негіз бола алады.
Сонымен қатар, Air Astana 2019 жылғы 28 желтоқсанға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында қосымша рейстерін ашты.
Бүгінгі күні ішкі тасымалдар бойынша бағалар көтерілмеді. Кеше БАҚ-та өткен ақпарат шындыққа жанаспайды. Бізде мұндай тарифтер жоқ. Мұндай ақпарат қайдан шыққаны турады тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндай тарифтер Air Astana-да мүлдем жоқ, - деді "Air Astana" АҚ Кірісті басқару жөніндегі директоры Ерболат Байсалықов.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады.