Жаңалықтар
-
Астанадағы қолайсыз ауа райы: әуежайда рейстер кешіктіріліп жатыр ма?
Астана халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына қарамастан қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта ауа райына байланысты рейстердің кешіктірілуі тіркелген жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.12.2025
-
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік төлемдер берілетіні белгілі болды
Жыл соңына таяған сайын көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар арасында қосымша әлеуметтік төлемдер мәселесі ең өзекті тақырыптардың біріне айналады. BAQ.KZ тілшісі өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларынан ресми жауап алып, 2025 жылы Жаңа жылға орай төлемдер қарастырылған-қарастырылмағанын, сондай-ақ 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне қандай қолдау шаралары көрсетілетінін анықтады.
15.12.2025
-
Жағажайдағы қанды оқиға: Әке мен баланың шабуылынан 15 адам көз жұмды
Мереке өтіп жатқан сәтте жаппай атыс болып, 15 адам қаза тапты. Тағы 40 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
15.12.2025
-
"Жұлдыз болғым келеді": Балалар үйінің 4 тәрбиеленушісі Дубайға жолдама ұтып алды
Астанада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен “Жұлдыз болғым келеді” республикалық вокалдық байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.12.2025
-
Ақылы жолда төлем жасау ережелері өзгереді
Көлік министрлігі ақылы жолдардағы төлем жасау ережелерін жеңілдетуді жоспарлауда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Екі ЖЭО құрылысы бойынша Ресейден әзірге жауап жоқ – Энергетика министрлігі
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ведомствода өткен брифингте үш жылу электр орталығын (ЖЭО) салу барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Каспий құбыр консорциумы үшін БАӘ-де жасалған екі жаңа құрылғы жеткізіледі
Каспий құбыр консорциумына келтірілген зақымданудан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда жаңа қондырғыларды тезірек жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
КҚК-ні жөндеу неге созылып жатыр: Энергетика министрі түсіндірді
Новороссийск қаласындағы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қолайсыз ауа райына байланысты күрделене түсті. Бұл туралы брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Қазақстан мұнайының 80%-ы КҚК арқылы тасымалданады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Новороссийск теңіз порты акваториясында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Алдағы күндері -28°С дейін аяз көтеріліп, боран соғады
16-18 желтоқсан күндері Қазақстанның көп бөлігінде кең циклон әсерінен ауа райы күрт өзгереді. Қар жауып, боран соғады және тұман күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
15.12.2025
-
Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ны кім салатыны белгілі болды
Қазақстан елдің шығысында жылу электр орталығын өз күшімен салуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
7:30-да басталатын жұмыс Астанада кептелісті азайта алды ма?
Астанада мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін өзгерту көлік жүктемесін айтарлықтай төмендетіп, негізгі магистральдардағы қозғалысты жеңілдетті. Пилоттық жоба нәтижесінде таңертеңгі қарбалас уақытында бірқатар көшеде көлік ағыны азайып, ең көп жүретін бағыттар бойынша орташа жүру уақыты қысқарған.
15.12.2025
-
Энергетика министрлігі жарық тұтыну туралы: Уақыт ауысса да, тұтыну шарықтаған жоқ
Энергетика министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу өңірлерде электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуіне әкелмегенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Жаңа жылға дейін ең төменгі жеткіліктілік шегімен зейнетақы жинағын алу үшін не істеу керек?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері орташа есеппен 10 % көбейеді. Яғни, жаңа жылдан бастап бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алуға болатын соманың бір бөлігі қолжетімсіз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналысқа шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» монеталар сериясынан QAZAQ KÚRESI коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Тәуелсіздік жылдарындағы жетістік: Қазақстанның саяси трансформациясы
16 желтоқсан – Қазақстан халқы үшін ең маңызды мерекелердің бірі. Тәуелсіздік күні – елдің егемендігін жариялап, өз даму жолын таңдаған тарихи күн. Бұл мереке тек өткенді еске алып қана қоймай, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, қоғамдық-саяси бағытта да айтарлықтай өзгерістерді бастан өткерді. Елдің саяси жүйесі жаңғыртылып, азаматтардың мемлекет ісіне қатысуы артты.
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның саяси трансформациясын Baq.kz тілшісінің шолуынан толығырақ оқи аласыздар.
15.12.2025
-
Тоқаев 3 күннен кейін ресми сапармен Жапонияға барады
18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.12.2025
-
Қазақстанда әлеуметтік төлемді қалай тез алуға болады
Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем ала алады. Төлемді алу тәртібі толықтай цифрландырылып, eGov.kz пен enbek.kz арқылы жеңілдетілген.
15.12.2025
-
Қазақстанда орташа жиынтық зейнетақы 179 мың теңгеге жетті
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда.
15.12.2025
-
Астаналық оқушылар түстен кейін де қашықтан оқитын болды
Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.12.2025