Көліктің төбесіне жетті: Астанада қатты жауын салдарынан машиналар суға батты
Астанада нөсер жауын салдарынан көліктер «жүзіп» кетті.
Бүгін Астанада түс ауа жауған нөсер жауынның салдарынан көптеген көшенің қиылысында көлік қозғалысы қиындады. Жолдағы көліктер суға батты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жауын жарты сағаттан астам уақыт қана жауғанымен, екпіні қатты болғаны соншалықты, көшелер суға лық толды.
Осының салдарынан бірнеше автокөлік жол ортасында тоқтап қалды. Кейбір жерде су көліктің бел ортасынан асып кетіп, жүргізушілер машинаның төбесіне шығып отыруға мәжбүр болды.
Видеода Бауыржан Момышұлы мен Асқар Тоқпанов көшесінің қиылысындағы жағдай түсірілген.
Сонымен қатар қатты жауын-шашын кезінде суға толып қалатын Мәңгілік ел көшесінде де көлік жүрісі баяулады. Бұл маңдағы жаяу жүргіншілер суды жалдап өтуге мәжбүр болды.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер +44 градус аптап ыстық пен нөсер жаңбыр жауатынын болжады.
Сонымен қатар, 23 шілдеде 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Еске салайық, сондай-ақ Павлодар облысында қатты дауыл бірнеше ауылды жарықсыз қалдырды.
- Бұршақ жауады, дауыл болады: 12 қыркүйекке ауа райы болжамы 06:20
- Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды 04:28
- 2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды 03:35
- Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады 00:28
- "Қалқаман" метро бекеті қашан ашылады? Алматы әкімдігі жоспарды жариялады 11.09.2026
- Қанат Көпбаев: Көшпенділер ойындарындағы жеңіс – ұлттық спорттың биік деңгейін көрсететін маңызды жетістік 11.09.2026
- Алатау қаласын дамытуға жасанды интеллект қолданылады 11.09.2026