Жыл басынан бері Ауғанстанда 20 шақты америкалық әскери қаза тапты

23 Желтоқсан 2019, 22:48
3130
Бөлісу:
Жыл басынан бері Ауғанстанда 20 шақты америкалық әскери қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы бес жылмен салыстырғанда, 2019 жылы америкалық әскерлер үшін Ауғанстанда өте ауыр жыл болды. 

Талибтер Ауғанстанның Кундуз провинциясындағы көшеде жарылыс жасады. Салдарынан АҚШ әскери қызметкері қаза тапты. Бұл туралы 23 желтоқсанда агенттігі Associated Press хабарлады.

Жыл басынан бері Ауғанстанда америкалық 20 шақты әскери қызметкер қайтыс болды. Соңғы бес жылмен салыстырғанда осы жылы АҚШ әскері көп қаза тапқан жыл болып тұр, - делінген хабарламада.

Қазір Ауғанстанда америкалық 12-13 мың әскери қызметкер бар. Олардың 5 мыңға жуығы терроршыларға қарсы операцияларға қатысады. 

Өткен аптада АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ауғанстаннан төрт мыңнан астам әскерді алып кету ниеті бар екенін хабарлады. Бұл операцияны қашан бастайтыны белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы