Алынған қаражат кірістен асып кетті. Годунова Ұлттық қордың қаржысы туралы айтты

20 Маусым 2022, 11:19
1227
Бөлісу:
Алынған қаражат кірістен асып кетті. Годунова Ұлттық қордың қаржысы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

2015 жылдан бері Ұлттық қорды белсенді пайдаланып келеміз. 2019-2020 жылдар туралы айтып отырған жоқпыз. Пандемияға байланысты дағдарысқа қарсы шараларға қаржы қажет болды. Бірақ 2021 жылы жалпы ахуал айтарлықтай жақсарды, - деді Годунова.

Ол Ұлттық қордан алынған қаржы кірістен асып түскенін айты. 

Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына арқа сүйемеуі керектігі туралы тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 трлн теңге жұмсалды. Ал бұл кезеңде Ұлттық қорға 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен, - деді Наталья Годунова.

Ал осыған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев енді Ұлттық қордан алынатын қаражат мұнай секторынан түсетін қор кірістерінен аспайтынын айтқан болатын. 

Жаңа тәсілдерге сәйкес Ұлттық қордан алынған қаражат мұнай секторынан түсетін қор кірістерінен аспайды. Бюджет шығысына да шектеу қабылданды. Бұл қордың жинақтау қызметін ныйғайта отырып, активтерді көбірек жинауға мүмкіндік береді , - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы