Жамбылда алтын қазумен заңсыз айналысқандар ұсталды

10 Қыркүйек 2019, 14:03
1635
Бөлісу:
Жамбылда алтын қазумен заңсыз айналысқандар ұсталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтын іздеушілердің үш автокөлігінде жұмысқа қажетті барлық құрал-саймандары болған, деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2019-09-10 at 10.51.17(2).jpeg

"Қыркүйектің 7-cінен 8-іне қараған түні Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құрамында алтыны бар кен тастарын іздеумен және өз бетінше жинаумен айналысқан екі топты қолға түсірді. Топтың біреуінде үш адам, екіншісінің құрамында төрт адам болған. Олар заңсыз кәсіптерін Ақбұлақ ауылына жақын маңдағы Жамбыл ауданының таулы жерлерінде жүзеге асырған", - делінген хабарламада.

WhatsApp Image 2019-09-10 at 10.52.31(1).jpeg

Алтын іздеушілердің үш автокөлігінде жұмысқа қажетті барлық құрал-сайман болған. Полиция қызметкерлері құрал-жабдықтармен бірге алтыны бар кен тастары салынған төрт қапты тәркіледі.

WhatsApp Image 2019-09-10 at 10.52.31.jpeg

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 334-бабының 1-бөлігімен «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы