Алтын өндіретін кеніштерге заңсыз кірген 3 адам қаза тапқан

20 Қазан 2023, 10:16
586
Бөлісу:
Алтын өндіретін кеніштерге заңсыз кірген 3 адам қаза тапқан
Фото: BAQ.KZ - архив

Белгілі болғандай, Степногорск өңірінің аумағында «Алтыналмас» компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактісі байқалады.

Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін ӘҚБтК 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап - 480 адам, 3 реттен артық - 100-ден астам тұлға тартылды. Сонымен қатар, 2023 жылда шахталарда 3 заңсыз іздеушілер қаза тапты. Биыл бұрын осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз ізденуші жарылыс әсерінен қаза тапқан, - делінген Ақмола облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, соңғы 2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру ӘҚБтК 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚК 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінің және аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертеміз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы