Әлназарова Ажар Ғинияттың жаңа қызметіне қатысты ойын айтты

18 Наурыз 2024, 15:28
6283
Бөлісу:
Әлназарова Ажар Ғинияттың жаңа қызметіне қатысты ойын айтты
Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау экс-министрі Ажар Ғиният Балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры қызметіне тағайындалды. Министрліктің жаңа басшысы Ақмарал Әлназарова әріптесінің жаңа қызметіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, Ажар Ғиният медициналық білімі бойынша қызметін жалғастырғысы келген.

Ол дәрігер-педиатр. Ал бұл республикалық оңалту орталығы балаларға арналған, Ажар Ғиниятқызының халықаралық ұйымдармен жұмыс істеудегі әлеуеті. Жалпы Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет еткен жылдарында алған тәжірибесі. Менің ойымша, орталықтың жұмысына тек оң әсер етеді, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Әлназарова Ажар Ғиният тағайындалған қызмет бос болғанын айтты.

Бұған дейін Ажар Ғинияттың жаңа қызметке тағайындалғанын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы