Алматының үш нысаны әлемдегі ең үздік 100 туристік бағыттың тізіміне енді

12 Қараша 2026, 20:28
АВТОР
 Алматы қаласы әкімдігі 12 Қараша 2026, 20:28
12 Қараша 2026, 20:28
174
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматының бірден үш туристік нысаны 2026 жылғы The Worldworthy 100 рейтингіне еніп, халықаралық деңгейде мойындалды. Олар әлемдегі үздік жаяу жүргіншілер маршруттары мен аспалы жолдар тізімінен орын алды.

Атап айтқанда, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Кімасар шатқалы әлемдегі ең үздік жаяу жүргіншілер туристік маршруттары арасында 56-орынға ие болды.

Бутаковка шатқалы осы санатта 79-орынға жайғасса, «Шымбұлақ» аспалы жолы әлемдегі үздік аспалы жолдар рейтингінде 9-шы орынды иеленді.

Барлық үш нысанға 2026 жылғы The Worldworthy 100 лауреаты сертификаттары табысталды.

Рейтинг келушілердің пікірлері мен бағалары, журналистік зерттеулер және ашық дереккөздердегі ақпараттар негізінде жасалады.

Алматының табиғи көрікті жерлерінің халықаралық тізімге енуі шетелдік туристердің өңірге деген қызығушылығын арттыруға және Қазақстанда экологиялық туризмді дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар халықаралық мойындау табиғи мұраны сақтаудың, экожүйелерді қорғаудың және туристік инфрақұрылымды жауапкершілікпен дамытудың маңыздылығын айқындай түседі.

Айта кетейік, бұған дейін Шарын шатқалы әлемдегі каньондар мен шатқалдар рейтингінде 17-орынға ие болғаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қарлы шыңдар мен жаңа туристік бағыттар: Қазақстанда қыста қайда демалуға болады?

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Бурабайдан Маңғыстауға дейін: Қазақстандағы ішкі туризм қалай өзгеруде?

Наверх