Алматының мониторингтік топтары 12 мыңнан астам нысанды тексерді

23 Тамыз 2020, 17:09
1130
Бөлісу:
Алматының мониторингтік топтары 12 мыңнан астам нысанды тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы бойынша аудандық әкімдік жанынан құрылған 24 мониторингтік топ бар. Олар ұйымдар мен нысандардағы эпидемияға қарсы шаралардың орындалуына күнделікті рейд жүргізеді. 2020 жылдың 5 шілдесінен бүгінгі күнге дейін мониторингтік топтар 12415 нысанды қамтыған. Оның ішінде карантиндік, атап айтқанда маска режимін бұзу карантин кезінде 3371 нысаннан анықталған. 

Тексерулер нәтижесі бойынша 698 нысан тәртіп бұзушылықтар анықталғаннан кейін өз еріктерімен қызметтерін тоқтатқан. ҚР ӘҚ туралы Кодекстің 425-бабының 1-тармағы бойынша карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3371 хаттама толтырылды. Оның ішінде заңды тұлғаларға – 119 айыппұл, жеке тұлғаларға – 3252 айыппұл, соның ішінде маска тағу режимін бұзғаны үшін салынған. Мысалы, Жетісу ауданында 22-нен 23-тамызға қараған түнгі мониторинг кезінде құрамына Жетісу ауданы әкім аппараттарының қызметкерлері, Жергілікті полиция қызметі, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Жетісу ауданы Nur Otan партиясы филиалының өкілдері енген мониторингтік топ шектеу шараларын бұзудың 3 фактісін анықтады: тыйым салынғанына қарамастан, Құлагер ықшам ауданында компьютерлік клуб қызметін жалғастырған. Демалыс күні Яблочков көшесі бойындағы монша кешені қызмет етіп тұрған. 23.00-ден кейін Ақпаев көшесінің бойындағы қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істеген, - делінген хабарламада. 

Әкімдіктің мәліметінше, 2020 жылдың 17 тамызынан бері қызметін жаңарту туралы 14577 хабарлама келген. 4361 өтініш түскен, оның ішінде 14344 хабарлама, 3018 өтініш мақұлданған. Қызметке дайын екендігі жөніндегі акт 26 нысанға берілді. 

Барлық нысанда халықтың игілігі үшін санитарлық-эпидемиологиялық салада заңнаманы күшейтілген түрде сақтауға қатысты және жабық нысандарда маска тағуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті өз кезегінде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантин шараларын сақтаудың маңыздылығы туралы еске салады. 

Қала тұрғындары мен қонақтарын маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтап, сонымен бірге адамдар көп баратын орындарға барудан аулақ болуға шақырады. Санитарлық талаптардың сақталуы халықтың игілігі үшін қажет. Бизнес субъектілеріне де санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің барлық талабының орындалуын қамтамасыз ету керек, - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы