Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді

12 Наурыз 2024, 10:36
607
Бөлісу:
Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді
Фото: botsad.kz

Алматыда қызыл кітапқа енген Алатау зыпыран гүлі гүлдеді, деп хабарлайды қаладағы BAQ.KZ тілшісі.

Ботаникалық бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында бәйшешектер туралы бейнеролик жарияланды. Қызметкерлер келушілерді гүлді жұлып, таптамауға шақырды. 

Сізден бәйшешекке қамқорлық жасауыңызды өтінеміз: көгалдарда жүрмеңіз, гүлді жұлмаңыз. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлерін жойғандарға айыппұл салынады. Тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді Ботаникалық бақ өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы