Алматының бірнеше мәдени орталықтары қайта жанданады

5 Желтоқсан 2023, 18:11
495
Бөлісу:
Алматының бірнеше мәдени орталықтары қайта жанданады
PHOTO
Фото: ӨКҚ

Бүгін Алматы қаласының мәдениет, спорт және жастар саясаты салаларының дамыту қорытындылары бойынша өткен баспасөз-конференциясында Алматының бірнеше мәдени ошақтары қайта күрделі жөндеуден өтітіндігі баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері басқармасының басшыларымен өткен шарада аталған салалар бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы ұсынылды. Бүгінгі күні Алматы қаласында 100-ден астам республикалық, қалалық және жеке меншік нысанындағы мәдениет ұйымдар, оның ішінде 19 театр, 26 музей, 34 кітапхана, 19 кинотеатр, 11 концерттік-демалыс ұйымдары, цирк, хайуанаттар бағы және т.б. бар. Биыл ауқымды жобалардың ішінде А. Байтұрсынұлы музей-үйін қалпына келтіріліп, Д. Қонаев мұражайына күрделі жөндеу жүргізілді. Музей қоры жаңа экспозициялармен толығып, жаңартылды. Сондай-ақ, Ғ. Мүсірепов музей-үйі қайта экспозицияланып, С. Мұқанов музей-үйінің экспозициялары жаңа қалыпқа енді. Мұндай шаралардың басты мақсаты – тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау.

Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасының жүзеге асу барысында қалада бірнеше мәдени ошақтардың пайда болу күтілуде.

Алматының бірнеше мәдени орталықтары қайта жанданады

Қалада 20 кітапхана, «Райымбек батыр» музей кешені, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық парк базасында сақ мәдениет орталығы, «Жаңа ғасыр» жастар театрыын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркін, Алматы хайуанаттар бағын, Н. Сац атындағы Мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық орыс театрын қайта жаңарту жоспарланған, - деді қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Сонымен қатар, қала әкімі мәдениет нысандарының тапшылығын ескере отырып, Алатау, Наурызбай, Жетісу және Түрксіб аудандарында заманауи коворкинг-орталықтар форматында жаңа кітапханалар ашу жоспарда бар екенін алға тартты. Ол үшін жыл соңына дейін 5 үй-жай сатып алынады. Бұл орталықтардың бәрі қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта туындатуына мүмкіндік береді. Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру жағында ойластырған әкімдік аталған кітапханаларда, коворкинг-орталықтарда әр түрлі шеберлік сыныптары мен креативті іс-шаралар тұсаукесері мен дәрістер ұмыстырылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, осы жылы қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен 2 млн. астам адамды қамтитын 1000-нан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде 20-дан астам ірі халықаралық фестивальдер, мемлекет аралық іс-шаралар және 60-тан астам шетелдік әншілердің концерттері ұйымдастырылды.

Мәдениет саласының жақсаруына тағы да бір үлес қосатын оқиға – А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында ақпараттық-кітапханалық жүйе іске қосылды. Бұл өз кезегінде кітапхана процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін ыңғайлы шешім. Жыл соңына дейін осы жүйеге тағы 4 филиалды қосу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы