Алматының арнайы экономикалық аймағына 50 млрд теңге инвестиция тартылды

27 Қазан 2023, 15:39
684
Бөлісу:
Алматының арнайы экономикалық аймағына 50 млрд теңге инвестиция тартылды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Алматыда «ПИТ» АЭА кәсіпорындары 6,7 мыңнан астам жұмыс орнын ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алатау шағын ауданында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылған сәттен бастап, 6727 жұмыс орны құрылып, 50,69 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұған қоса 34,7 млрд теңге сомасына салық және бюджетке құйылатын басқа да төлемдер жүргізілді, барлығы 493,7 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, экспорт көлемі 7,46 млрд теңгеге жетті.

Бүгінгі таңда «ПИТ» АЭА құрамына 160 компания кіреді, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы 105 компания (Kolesa Group, Azimut Labs, PayBox, «Личная касса» және т. б.) өз қызметін «экстерриториалды» қағидаты бойынша жүзеге асырады, 55 компания (Kaspi Cloud, Eltex Alatau, Nero Lab, Asaq, prima Group, Almaty Enterprising Company және т.б.) «ПИТ» өз аумағында орналасқан.

Алматының арнайы экономикалық аймағына 50 млрд теңге инвестиция тартылды

2023 жылы аталмыш компания 15 млрд теңге көлемінде инвестиция тарта отырып, 1200 жұмыс орнын құрған. Сондай-ақ, 39 компания жаңа қатысушы ретінде танылса, жобаларды іске асыру үшін ауданы 15 га 7 жер учаскесі бөлінді. «ПИТ» АЭА Алматы қаласының Медеу ауданында 163 гектар аумақта орналасқан. Мемлекет барлық инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымның, сондай-ақ бірінші кезектегі ғимараттардың, әкімшілік ғимараттың құрылысын жүргізді. АЭА қатысушыларына салық және кедендік жүктемені төмендету бөлігінде түрлі преференциялар мен жеңілдіктер беріледі. «ПИТ» негізінен IT, телекоммуникация және байланыс, электроника, жаңартылатын энергия көздері, ресурстарды үнемдеу және табиғатты тиімді пайдалану, сондай-ақ 2020 жылдан бастап фармацевтика және медициналық бұйымдарды жүзеге асыру қызметтерін атқарады.

Өзгелердің жаңалығы