Алматыны селден қорғау үшін 21 станция салынады – ТЖД

26 Қараша 2019, 13:13
5776
Бөлісу:
Алматыны селден қорғау үшін 21 станция салынады – ТЖД
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы тұрғындары үшін жер сілкінісінен кейін сел жүру қаупі үлкен мәселе болып отыр.

Өйткені тау қалаға өте жақын орналасқан. Тау басында 37-ден аса көл бар, олардың 17-сі тұрақсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров қала әкімдігінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, жыл сайын 7-9 өзен Қазселденқорғау мекемесі тарапынан өте қауіпті деп танылады. Әсіресе қар еріген жаз кезінде Қазселқорғау селдің алдын алу шараларын жүргізіп отырады екен. 

Биыл №1 көлдің суы күрт көтерілді, 2015 жылы  да осы өзеннің суы тасыған еді. Жаз бойы селдің алдын алу жұмыстарының арқасында қалаға ешқандай қауіп төнген жоқ. Сел қаупі кезінде 4-6 млрд куб су ағызылды, - деді департамент басшысы. 

Сонымен қатар, ол Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қаланы сел тасқынынан қорғау үшін, яғни қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сел қаупін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру жобасын іске қосқанын айтты.


Автоматтандырылған мониторинг жүйесі жобасының құрылысы екі жыл ішінде жүргізіледі. Оның құрлысына бюджеттен бірінші кезең үшін 257 млн теңге бөлінеді, ал екінші кезеңінде 21 станция салу жоспарланған, бұл мақсатқа  564 млн 888 мың теңге бөлу қарастырылған, - дейді ол.

Автоматтандырылған мониторинг жүйесін құру- нақты уақыт режимінде гидрометеорологиялық жағдайды, мореналық көлдерді бақылауға және Іле Алатауы тауларының орталық бөлігіндегі селдің алдын алуға мүмкіндік бермек.

Бұл жүйе Online режимінде адамның қатысуынсыз теңіз көлдерінің жай-күйі туралы ақпаратты бейнекартинкамен беруді қамтамасыз етеді. Автоматтандырылған режимде су деңгейін, ауа температурасын, топырақтың температурасы мен ылғалдылығын, су температурасын, жауын-шашынның қарқындылығын, селдің түсуін, сейсмикалық белсенділікті өлшеуге, яғни 10 параметрге дейін мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта I-кезең аяқталды, оның шеңберінде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде 2 көл станциясы, 2 ошақты, 3 арналы және 3 дамбалық станция орнатылды, - деді Серік Әубәкіров.

Бақылау станцияларынан орталық серверге дейін деректерді берудің қорғалған желісі ұйымдастырылған. "Қазселденқорғау" ММ және ТЖД-де бағдарламалық қамтамасыз етуі әзірленіп, диспетчерлік орындар құрылған.



Өзгелердің жаңалығы