Алматыны дамытудың кешенді жоспары мақұлданды

30 Қазан 2023, 23:29
465
Бөлісу:
Алматыны дамытудың кешенді жоспары мақұлданды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы агломерациясын 2029 жылға дейінгі дамытудың кешенді жоспарын қаланың мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжат аумақтық, әлеуметтік, жол-көлік, инженерлік, экономикалық, экологиялық және цифрлық дамуды қосқанда 16 стратегиялық бағытты қамтиды.

Жоба аясында қала және облыс әкімдігінің дамудың негізгі бағыттары бойынша қызметін үйлестіру, деректер базасын біріктіру және бірыңғай геоақпараттық жүйені жүргізу, бірыңғай көлік моделін құру, қаланың және қала маңындағы аймақтың қоғамдық көлігін біріктіру, ҮАААЖ-қа дейінгі 4 радиалды және 7 ішкі магистральды көшелерді ұзарту, қала маңындағы темір жол жолаушылар тасымалын дамыту, жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу, қала маңы аймағында жұмыс орындарын ашу және агломерацияның бірыңғай жасыл дәлізін құру көзделген, - деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өзгелердің жаңалығы