Алматыдан Үндістанның 35 азаматы депортацияланды

6 Тамыз 2026, 09:55
АВТОР
 видеодан скриншот 6 Тамыз 2026, 09:55
6 Тамыз 2026, 09:55
185
Фото: видеодан скриншот

Алматыдан көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған Үндістанның 35 азаматы Қазақстан аумағынан тыс жерге депортацияланды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, олардың барлығы елде болуға рұқсат етілген мерзімді асырып, Қазақстан аумағында заңсыз жүрген.

Шетел азаматтарының жүрген жері көші-қон қызметі жүргізген мақсатты іс-шаралар барысында анықталған. Олар ұсталғаннан кейін соттың шешімімен ел аумағынан шығарылды.

Депортациялау рәсімі кезінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды Алматы халықаралық әуежайындағы паспорттық және шекаралық бақылаудан өткенге дейін сүйемелдеп отырды.

Сонымен қатар, шетелдіктердің заңды болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың Қазақстаннан уақытылы шығуын қамтамасыз етпеген қабылдаушы тараптар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау шетел азаматтарына ғана емес, оларды Қазақстан аумағында қабылдайтын жеке және заңды тұлғаларға да міндетті екенін еске салды.

Ведомствоның мәліметінше, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Наверх