Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді

27 Наурыз 2024, 16:26
14703
Бөлісу:
Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді
Фото: BAQ.KZ

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа 621 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

27 наурыз күні сағат 12:07-де Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және "I" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.9.
Магнитудасы MPV – 4.1.
Координатттары 41,34° с.е., 84,00° ш.б.
Тереңдігі – 5 км.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы (MSK-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы