Алматыдан 772 шақырым қашықтықта жер сілкінді

13 Шілде 2023, 08:35
631
Бөлісу:
Алматыдан 772 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Фото: baq.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 13 шілде күні сағат 6:00-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 772 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасты. Энергетикалық санаты – 8.7. MPV магнитудасы – 4.2. Эпицентр координаттары – 48.46° с.е. 83.40° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы