Алматыдағы қайғылы жағдай. Қауіпсіздік шараларын күшейту керек - сенатор

30 Қараша 2023, 10:32
443
Бөлісу:
Алматыдағы қайғылы жағдай. Қауіпсіздік шараларын күшейту керек - сенатор
Фото: Сенат баспасөз қызметі

Сенатор Бибігүл Жексенбай бүгін Алматы қаласында болған қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенатор қаза тапқан азаматтардың жақындарына көңіл айтып, қауіпсіздік шараларын күшейту керек екенін жеткізді.

Азаматтардың туыс-туғанына қайғырып көңіл айтамыз. Өте өкіншті жағдай. Мемлекет тарапынан жіті қадағалау болғанымен де мұндай жағдайлардың болып жатқандығына бірнеше фактор бар деп ойлаймын. Әрине қауіпсіздік шараларын дұрыс деңгейде жасалмауы. Бір жағынан халықтың мүмкін қамсыз жағдайы да, мемлекет тарапынан қолдаудың әлі де тетіктері толыққанды қамтамасыз етілмегендігі деп ойлаймын. Біздің міндетіміз халықтың арасында көп жұмыс жүргізуіміз керек. Қауіпсіздік шараларының толыққанды қамтамасыз етілуі үшін мемлекет мүмкіндігінше барынша жағдай жасау қажет, - деді Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 5:33-те Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне Ади Шәріпов 86 мекенжайы бойынша өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен еді. Үш қабатты тұрғын үйдің 1 қабаты мен жертөлесінде өрт шыққан. 

Өрттің жалпы ауданы болжам бойынша 30 шаршы метр. 13 адам қаза тапты. 

Қазір олардың жеке басы анықталып жатыр. Екі адам ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып қалған.

Өзгелердің жаңалығы