Алматыдағы өрт. Досаев Бекмұхаметовтар отбасына көңіл айтты

2 Тамыз 2023, 09:17
1295
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Досаев Бекмұхаметовтар отбасына көңіл айтты
Фото: Gov.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Ақкент" ТК-де өрт кезінде қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын!Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, - деді Ерболат Досаев.

1 тамызда Алатау ауданына қарасты “Аққент” ықшамауданында өрт шықты. Жалын 16 қабатты үйдің 5-6 қабатындағы лифт шахтасынан шыққаны анықталған болатын.

Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.

Өзгелердің жаңалығы