Алматыдағы өрт. 7 адам эвакуациялаудан бас тартты

30 Қараша 2023, 11:54
501
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. 7 адам эвакуациялаудан бас тартты
Фото: автордан

Алматыдағы жатақханадан эвакуацияланған 56 тұрғынының 49-ын үш локацияға орналастырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

30 қарашасында сағат 11:30-дағы жағдай бойынша Алматы әкімдігі эвакуацияланған 56 тұрғынының 49-ын үш локацияға орналастырды. Қалған 7 адам орналастырудан бас тартты. Барлығы тегін тұрады әрі тамақпен қамтамасыз етілген. Жергілікті жерде медицина қызметкерлері жұмыс істейді, психологтар, аудан әкімдігінің өкілдері және бала құқықтары жөніндегі уәкіл қолдау көрсетеді, - дейді Алматы қаласының баспасөз қызметі.

Хостелдегі өртке байланысты ТЖ департаментінде жедел желі телефоны жұмыс істейді: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді. Сондай-ақ, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын.

Өзгелердің жаңалығы