Алматыда оқушылар жаппай уланып, РФММ қызметі уақытша тоқтатылды

14 Қазан 2026, 09:25
АВТОР
 almaty.fizmat.kz 14 Қазан 2026, 09:25
14 Қазан 2026, 09:25
167
Фото: almaty.fizmat.kz

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде оқушылар жаппай уланып, мектеп қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазанның 12-14 аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың бәрі дәрігерлердің бақылауында.

Интернатта тағы 6 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулерге сынамалар алды.

Басқарма мәліметінше, жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.

Еске салсақ, Павлодарда оқушы туберкулез анықталды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Тағы оқи отырыңыз: Әзербайжанда 14 оқушы сабақта дайындаған гамбургерден уланып қалды 

Наверх