Ауғанстанда мектеп маңында жарылыс болып, 10 оқушы қаза тапты

Жарылыс салдарынан тағы 110-ы жараланды.

 Report 28 Қараша 2026, 19:49
28 Қараша 2026, 19:49
118
Фото: Report

Ауғанстанның Кунар провинциясындағы мектеп маңында қуатты жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 10 оқушы қаза тауып, тағы 110-ы жараланған. Бұл туралы Report.az хабарлады.

Жарылыс 28 қараша күні таңертең провинция орталығындағы Андирсир ауданында болған. BBC телеарнасының Ауғанстан үкіметінің Ішкі істер министрлігі өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиғаға мектеп маңында орналасқан жарылғыш заттар қоймасындағы жарылыс себеп болған. Қойма кен өндірумен айналысатын компанияларға тиесілі болған.

Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа немқұрайлылық пен салғырттық себеп болуы мүмкін.

Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып жатыр. Тексеру аяқталған соң қосымша ақпарат жарияланатыны айтылды.

Наверх