Алматыдағы автобус апатынан төрт адам зардап шекті

5 Наурыз 2024, 11:42
1634
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апатынан төрт адам зардап шекті
Фото: BAQ.KZ -архив

Алматыда автобус жүргізушісі Сүйінбай мен Шолохов көшесіндегі көпірдің бетонына соғылып, төрт жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ.


Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді. Жол апаты 5 наурыз күні сағат 06.45-те болған.

Жеке тасымалдаушыға тиесілі қоғамдық көліктің жүргізушісі 1966 жылы туған азамат Д., Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып Шолохов көшесіне бұрылар тұста, рульді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды. Салдарынан төрт жолаушы жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді, - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы