Алматыдағы автобус апаты. Зардап шеккендер қандай күйде

25 Желтоқсан 2023, 11:47
2225
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апаты. Зардап шеккендер қандай күйде
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматыда болған автобус апаты салдарынан зардап шеккен жүргізуші мен адамдардың қазіргі жағдайына байланысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, 50 жастағы науқас 24 желтоқсан күні реанимациядан көпжарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады. Дегенмен жалпы оң динамика байқалады, шок жағдайы жеңілдетілген. Науқастың денесінде көптеген сынығы бар.

Автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, ми соғылуы, беттің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. Консервативті ем қабылдап жатыр.

55 жастағы ер адамға ми жарақаты, мидың жеңіл соғылуы диагнозы қойылған. Нейрохирургия бөлімшесінде желке аймағының жұмсақ тіндерінің, бастың жұмсақ тіндерінің көгерген жарасы және мойынның байлам аппаратының созылуы емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты.

Басқарма мәліметінше, барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Алматыдағы "Қалқаман" аялдамасындағы автобус апатынан 7 адам зардап шекті, 3 адам қаза тапқан болатын. Сонымен қатар, автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам 2 айға қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы