Алматыдағы Атакент көрме орталығы өртке оранды

18 Мамыр 2022, 17:23
1868
Бөлісу:
Алматыдағы Атакент көрме орталығы өртке оранды
PHOTO
Фото: автордан

 

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Атакент көрме орталығының №9  павилионы өртке оранды.

Алматы қаласы ТЖД Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі 42 мекенжайы бойынша Күштер мен құралдар  жоғарғы ранг бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Алматыдағы Атакент көрме орталығы өртке оранды

Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі 42  № 9 павилион аумағындағы Атакентте жану анықталды.Таралу қаупі жоқ. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, Өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды,-деді ТЖД-ның ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.

Алдын ала ақпарат бойынша павилион бос болған. Ғимарат қайта жөндеуде.

Алматыдағы Атакент көрме орталығы өртке оранды

Өрттің таралу қаупі жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 17 бірлік техника 50 адам л/с жұмыс істеді,-деді ТЖД өкілі.

Сондай-ақ ол өрт сағат 17. 11 минутта оқшауланғанын мәлімдеді.

Алматыдағы Атакент көрме орталығы өртке оранды

 

900 шаршы метр аумақтың жартысынан көбі бір сәтте күлге айналды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Ғимарат қазір жұмыс істемейді. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Тілсіз жау сағат 16:40-та тұтанған. Отты сөндіруге 17 техника мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылып, араға 30 минут салып, жалынды тоқтатты.

Біз келген кезде жарылыс болған жоқ. Өрттің көлемі өте үлкен болды. Ғимаратты ұстап тұрған үлкен темірлер ортасына түскен. Өрттің температурасы өте жоғары, – деді Бостандық ауданы ТЖБ бастығы Еркебұлан Қасенов.

Өзгелердің жаңалығы