Алматыдағы Ә. Қастеев мұражайында вакцина салу орны ашылды

14 Сәуір 2021, 12:14
1594
Бөлісу:
Алматыдағы Ә. Қастеев мұражайында вакцина салу орны ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау жұмысы жалғасып жатыр.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 13 сәуірде 10 645 адам вакцина алғанын мәлімдеді. Қазіргі сәтте қалада вакцинаның 78 395 дозасы бар.

Қала бойынша 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 12 сәуір аралығында барлығы 97 145 адам вакциналанды. Қазір қалада вакцина салатын 203 пункт жұмыс істеп тұр. Толық режимде 1 809 адамнан тұратын 406 егу бригадасы жұмыс істейді. 13 сәуірден бастап Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (Сәтпаев к-сі) вакциналау пункті жұмыс істей бастады. Жұмыс уақыты: 08:00-ден 20:00-ге дейін, - делінген хабаралмада.

2021 жылғы 13 сәуірде қала бойынша 612 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген, оның 540-ы симптомдармен және 72-сі симптомсыз. Жалпы емдеуден шығарылғандар саны – 353, келіп түскені – 355.

Инфекциялық стационарларда 3 649 адам жатыр, оның ішінде, 99-ы бала. Науқастардың 728-нің халі ауыр, 2 921-де – ауырлықтың орташа дәрежесінде. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы саны – 21 науқас бар, - делінген хабарламада.

МСАК мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 132 пациент бар, симптомдармен, ауырлықтың орташа дәрежесімен – 5 196, симптомсыз – 936 адам.

Өзгелердің жаңалығы