Алматыда жолаушылары бар автобус әкімшілік ғимаратқа соқтығысты

13 Маусым 2023, 15:12
786
Бөлісу:
Алматыда жолаушылары бар автобус әкімшілік ғимаратқа соқтығысты
VIDEO
Фото: t.me/almatykrisp видеосынан скриншот

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:40 шамасында Алматыда болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, жол апаты салдарынан екі жолаушы зардап шеккен.

Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер айтылған

Алматы қалалық ПД 13 маусым сағат 12:40 шамасында Спасская көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №13 автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, әкімшілік ғимараттың қоршауына соқтығысуға жол бергенін хабарлайды. Салдарынан қоғамдық көліктің екі жолаушысы жарақат алып, медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. ЖКО дерегі Түрксіб аудандық ПБ қызметкерлерінің өндірісінде, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы