Алматыда жол апаты қай күндері көп болатыны белгілі болды

2 Қазан 2020, 18:37
1851
Бөлісу:
Алматыда жол апаты қай күндері көп болатыны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Қалалық полиция Алматыда жол апаттарының көпшілігі жұма, сәрсенбі және дүйсенбі күндері болатынын мәлімдеді.

Биылғы жылдың 8 айында ғана қалада жарақат алған адамдармен болған жол-көлік оқиғаларының саны 40,1%-ға азайды. Кісі өлімі де төмендеп, 42,3% және жарақат алғандар саны 41,6% құрады, - деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Жыл басынан бері 56 адам апат салдарынан қайтыс болды. Оның ішінде 21 жүргізуші, 9 жолаушы, 25 жаяу жүргінші, 1 велосипедші. Апаттың басты себебі - маневр жасау ережелерін бұзу, қозғалыс жылдамдығын бұзу, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу болған.

Апаттардың түрлері бойынша ең көп тіркелген фактілер:

- жаяу жүргіншіні қағу - 767, (жүргізушінің кінәсінен - 631, жаяу жүргіншінің кінәсінен - 8), қаза тапқандар саны - 24, жарақат алғандар - 770;

- бүйірден келіп соғу - 364, қаза тапқандар - 7, жарақат алғандар - 479;

- жолай, сырып кету - 304, қаза тапқандар - 9, жарақат алғандар - 420;

- жолаушылардың көлік астына өзі түсуі - 173, қаза тапқандар - 0, жарақат алғандар - 179;

- кедергіні елемеу - 101, кісі өлімі - 9, жарақат алу - 125.

Жол-көлік оқиғаларының көбісі таңғы 6-дан түнгі 10 аралағында болады. Жыл басынан бері қалада барлығы 1481 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 34 адам қайтыс болды, 1677 адам жарақат алды. Түнгі сағат 10-дан таңғы 6-ға дейін 357 жазатайым оқиға орын алып, 22 адам қайтыс болды. 453 адам жарақат алды.

Жол апаттары көбіне жұма, сәрсенбі және дүйсенбі күндері жиі болады.

Айта кетейік, қалада балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары 50,2%-ға азайған.

Өзгелердің жаңалығы